Евразиялық одақ

Н. Назарбаев ЕЭК Коллегиясының төрағасымен кездесті

Бүгін Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Еуразиялық экономикалық кеңес Коллегиясының төрағасы Виктор Христенкомен кездесті.
Астана қаласы 25 Сәуір, 18:07

Кездесу барысында Минскіде өтетін Еуразиялық экономикалық кеңестің жоғарғы  отырыстың  күн тәртібі талқыланды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті мемлекет басшыларының кездесуінің өте маңызды екенін атап өтті. Шарада интеграциялық үрдістер бойынша ынтымақтастық қарым-қатынасы талқыланады.

В. Христенко Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімді құрастыру жағдайын тілге тиек етті. Ол бойынша Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің комиссия сарапшылары жұмыс жасауда. 





Яндекс.Метрика