Ұлтаралық бірлік

М.Салахова: ҚХА арқасында біздің халықтың бар екенін біліп жатыр – шорцтар (видео)

Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында шорц халқының өкілі Марьям Салахова Қазақстанда 96 шорц ұлтының өкілі тұратынын айтты.
Астана қаласы 25 Сәуір, 17:41

«Жыл сайын өткізілетін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өте  қажетті шара. Институт жыл санап артып келеді. Нәтижесінде біз көптеген дүниелерге қол жеткіземіз. Біз Қазақстанда бар болғаны тек 96 ғанамыз. Соған қарамастан бәріміздің басымызды қосуға мүмкіндік алып отырғанымыз қуантады. Соның арқасында түркі тілдес халықтардың ішінде шорц ұлтының бар екені танылып жатыр», - дейді М.Салахова.

Оның айтуынша, шорц ұлтының негізгі қоныстанған жері Ресей Федерациясы Кемер облысының солтүстік өңірі.  Соңғы санақ мәліметтеріне қарағанда, шорц ұлтының шамамен 12 мың өкілі тіркелген.

«Санымыздың аздығына қарамастан біз тіліміз бен мәдениетімізді сақтап келеміз. Қазақстанда тұрып жатқанымызға қарамастан олармен тығыз байланыс құрып, өскелең ұрпақтың ұлттық тәрбиесіне де араласып, шорц тілі пәні оқытылуда. Ұлттық мерекелер тойланады. Аталмыш үрдістің үзілмегені үшін біз бақыттымыз», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 18-інші сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: бейбітшілік, мәдениет, руханият және келісім» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өтті. 





Яндекс.Метрика