Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Үндістан мұнай саласында ынтымақтастық туралы келісті

Астана қаласында өткен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік және мәдени ынтымақтасық жөніндегі қазақстан-үндістан үкіметаралық комиссиясының 11-отырысы барысында ұсынды.
Астана қаласы25 Сәуір , 17:17

Екіжақты кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға бүгін ҚР Мұнай және газ министрлігінде қол қойылды. Қазақстан тарапын ҚР мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев басқарды, Үндістан делегациясы атынан ҮР мұнай және табиғи газ бірінші вице-министрі Шри Саурабах Чандра болды, деп ҚР Мұнай және газ министрлігінде хабарлады.

Тараптар Қазақстан аумағындағы көмірсутек шикізатын барлау мен өндіру жөніндегі ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін қарастыру туралы өзара келісті. Үндістан жобаларды іске асыруда жекелей не болмаса консорциум әріптесі ретінде қатысуға дайын екендігін білдірді.

Сондай-ақ, бүгінде үндістандық ONGC Videsh Қазмұнайгазбен бірлесіп, Сәтбаев барлау блогында жұмыс істеуде. Онда қазіргі таңда сейсмобарлау жұмыстары, инженерлік-геологиялық іздеулер жүргізіліп, барлау ұңғымаларын салуға техникалық жобалар дайындалып жасалған. Комиссияның жұмысы барысында, сондай-ақ Қазақстаннан мұнай мен газды Үндістанға тасымалдаудың әр түрлі альтернативті жолдары талқыланды.

Сонымен қатар, үндістан мамандары жаңартылған энергия көздері, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Оның ішінде шетел әріптестері қазақстандық табиғи уранды Үндістанға тасымалдауды кеңейтуге және үндістан реакторларын Қазақстан шығаратын ядролық жанар-жағармай компоненттерімен қамтамасыз етуге қызығушылық танытып отыр.

Сондай-ақ екі мемлекет туристтік ағынды арттыруға және ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға да қызығушылық танытты.

 

 

 




Яндекс.Метрика