Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ян Шицю: Қазақстанда «А» корпусының құрылуы біз үшін жақсы мысал

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ҚХР адами ресурстар және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің вице-министрі Ян Шицюдің дәрісі өтті.
Астана қаласы25 Сәуір , 16:49

Өз сөзінде вице-министр Қытайдың мемлекеттік қызмет реформасының аспектілерін қамтыды, деп мемлекеттік қызмет агенттігінде хабарлады.

Ян Шицю Қазақстанда мемқызмет реформасының бірі болып «А» корпусының құрылуы екендігін атап өтті.

«Біздіңше бұл өте жақсы тәжірибе», - деді ол.

 Оның айтуынша, Қытайда әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер басқару және орта, төменгі болып бөлінеді.

Қытай делегатының жетекшісі Астанада мемлекеттік қызмет бойынша аймақтық хабты құруды қолдайтындығын айтты.

Сондай-ақ, Ян Шицюдің айтуынша, Аймақтың хаб ынтымақтастықтың тамаша алаңына айналмақ. 




Яндекс.Метрика