Өңірлер

ТЖМ делегациясы KIOSH жұмысына қатысты

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.Божко бастаған делегация KIOSH 2014 Еңбек пен өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау көрмесі мен Қазақстандық Халықаралық 4-інші конференциясы жұмысына қатысты.
Астана қаласы25 Сәуір , 16:28

KIOSH 2014 жобасының мақсаты – кәсіпкерліктердегі қайғылы жағдайлар мен жарақат алу көрсеткіштерін азайту, қауіпті өнеркәсіптік нысандарда апат қауіптілігін төмендету, табиғи орта мен қоғамдағы келеңсіздіктерді қысқарту, еңбек өнімділігін арттыру.

Шараға басты қызметтерді төтенше жағдайларды, заң бұзушылық жүйелерді хабарлау, өрт және газ дабыл жүйесі мен сертификатталған құрылғыларын қосқанда өнеркәсіп нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылатын Қазақстан, Ресей мен Украина компаниялары қатысты.

Шара аясында ҚР ТЖМ апаттық-құтқару әскериленген кәсіби қызметінің орталық штабы «Көрме» көрме орталығында қауіпті өндірістік орындардағы апатты жою кезіндегі құтқарушылар тарапынан атқарылатын ақпраттық-құтқару шараларының құрылғылары мен бұйымдарының көрсетілімін ұйымастырды.

KIOSH 2014 көрмесінде еңбек пен өнеркәсіп қауіпсіздігін сақтаудағы соңғы жетістіктер таныстырылып, жеке бас қорғаны заттары: арнайы киім, арнайы киім фурнитурасы, арнайы киімнің материалы, арнайы аяқ киім, респираторлар, каскалар, көзілдіріктер, қолғаптар, өлшеу құралдары, құрылысшылар мен өндірістік альпинизм үшін қорғаныс құралдары, ауа тазарту жүйелері, ұжымдық қорғаныс заттары мен өзге де дүниелер көпшілік назарына ұсыныды. 




Яндекс.Метрика