Өңірлер

Қызылорданың Тұңғыш Президент саябағында рәміздер алаңы пайда болады

Тұңғыш Президент саябағында мемлекеттік рәміздер алаңы пайда болады. Яғни, онда Ту, Елтаңба және Әнұранға жеке орын табылады.
Қызылорда25 Сәуір , 16:04

Қаланы абаттандыру мәселелері Қызылорда облысының қалалық кеңес отырысында талқыланды.

Архитектура және қала құрылысы облыстық басқармасының жетекшісі Сейілхан Тойбазаров мемлекеттік  рәміздер алаңы, көпқабатты үйлер мен қала қақпалары жобаларын таныстырды.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент саябағында мемлекеттік  рәміз алаңы ашылады. Онда Ту, Елтаңба Қазақстан Республикасының Әнұраны орнатылады.

Сонымен қатар Шиелі ауылына шығатын бағыттағы қақпаны бұрынғы Ақмешіт крепаснойлық стилінде жасау жоспарлануда. Қақпаның қос қапталына тұлпар бейнесі орнатылмақ. Ал Тереңөзекке шығатын қақпа шығыс стилімен безендіріліп, қасына найза, қалқан мен қобыздың шағын архитектуралық түрлері қойылмақ. Және де әуежай жолына жа шағын архитектуралық туындылар орнатып, әуежайға «Қызылорда» деген жазу мен 5-7 метрлік сағат қойылмақшы.

Бұдан бөлек Тойбазаров ТКШ жаңғырту бағарламасы аясынағы көпқабатты тұрғын үйдің маңдайшасы жобасын таныстырды. 




Яндекс.Метрика