Өңірлер

Н. Назарбаев: Астана қауіпсіз өмір сүру ордасына айналуы тиіс

Бүгін елорданы одан әрі дамытуға арналған отырыста Мемлекет басшысы Н. Назарбаев еліміздің бас қаласы Астана адамдардың өмір сүруінің қауіпсіз ортасына айналу керектігін атап өтті.
Астана қаласы25 Сәуір , 15:02

«Қаладағы криминалдық оқиға ерекше мәнге ие. Біз сіздермен біріккен күш арқылы, ішкі және жергілікті билік Астананы қауіпсіз ортаға айналдыруын атап өтті. Бүгінде қалада қылмыстық көрсеткіш Қазақстан бойынша ең жоғары дәрежеде. Өткен жылы қылмыс көрсеткіші 53 пайызға, оның ішінде ауыр қылмыс екі есеге, оны әшкерелеу 36 пайызды құрап отыр», - деді Мемлекет басшысы.

ІІМ хабарлауынша, 2014 жылы қылмыстың азаюы мен оны әшкерелеу тенденциясы жақсарды.

«Біз өткен жылы 59 мың тәртіп бұзушылықты тіркедік. Ағымдағы жылы осы уақытқа дейін 28 мың тәртіп бұзушылық бар. Жалпы, қолданылған шаралар қылмыстың санын қысқартпақ, ауыр қылмысты әшкерелеу көрсеткіші де жақсарды», - деді салалық ведомство басшысы.

«Қала қауіпсіз болуы тиіс. Мен бірнеше рет қайталадым. Ол үшін Ішкі істер министрлігі қарқынды жұмыс жасауы тиіс. Қоғамды тартыңдар, бақылау камераларын қойыңдар, адамдар кез келген уақытта серуендеп жүріп ол қауіпсіз екендігіне сенімді болуы тиіс», - деді Н. Назарбаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика