Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ляньюньган портындағы логистикалық терминал құрылысы 2014 жылы басталады

Үкіметтің жол картасы аясында 2014 жылдың шілде айында Ляньюньган портындағы логистикалық терминал құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін ҚР ККМ Транспорттық бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.
Астана қаласы 25 Сәуір, 14:47

«Бірінші кезектегі жобалардың тағы бірі 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін салынатын Қытай Халық Республикасының Ляньюньган портының терминалының  құрылысы болып табылады. Бұл жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен және «Ляньюньган порт компаниясымен» бірлесіп жүзеге асырылуда», - дейді Ә.Асаубаев.  

Оның айтуынша, Ляньюньган қытай портының таңдап алынуына себеп болған басты фактор Еуропа бағытындағы транзиттік жүк, экспорттың тасымалдануы тұрғысынан географиялық қолайлы орналасуы болып табыалды.

«Өздеріңізге де белгілі, Ляньюньган порты әлемнің ең ірі 25 портының тізіміне енеді. Терминал құрылысының басты мақсаты қазақстандық жүкті тасымалдау мен өңдеу мүмкіндігінің болуы, оңтүстік-шығыс Азия елдеріне және Австралияға шығу мүмкіндігі», - дейді Ә.Асаубаев.  

Құрылыстың нақты басталатын уақытының 2014 жылдың екінші маусымының соңына қарай жоспарланып отырғанын да тілге тиек етті.

«Сонымен қатар, қытайлық әріптестер  бетондық негіз бен грунтты шұқырлы терминал құрылысы үшін дайындықтың нөлдік циклі жұмыстарын 2013 жылы жүргізгені анық», - деді Ә.Асаубаев.

Министрлік тарапынан «Алматы-Қорғам» аумағының пайдалануға берілуіне байланысты Қытаймен арадаы шекарада қосымша өткізу пункті құрылысы мәселесі қаралуда.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолын біз 2015 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда аталған бірінші кезектегі шаралар экономикалық өсімді ынталандырып, экономиканың нақты секторларына қолдау көрсету мен жеке секторды кеңейтудегі экономикалық реформалар аясындағы жаңа инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді», - дейді Ә.Асаубаев. 

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика