Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Астаналық емханалардағы кезек сұрағы шешіледі – С. Қайырбекова

Нұрсұлтан Назарбаев елорданы дамыту отырысында Үкіметке әкімдікпен бірігіп әлеуметтік сұрақтарды шешуді тапсырды.
Астана қаласы25 Сәуір , 14:40

«Стационар бойынша: Астана бойынша  төсек қоры жеткілікті. Демек, бұдан басқа республикалық емханалардың барын да ұмытпайымыз қажет. Емханалық қызмет бойынша мен өткен жылы айтқан болатынмын, қазір АӨК енуімен сол жағалауда құрылыс аяқталуда. Ағымдағы жылы құрылыс аяқталады, себебі сол жағалауда адам көп шоғырланған», - деді Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.

Ведомство басшысы атап өткендей, емханадағы кезек мәселесі шешіледі.

Сондай-ақ,  тағы бірқатар құрылыс нысандары мемлекеттік және жеке меншік әріптестік бойынша салынуы тиіс.

«Үкімет әкімдікпен бірігіп әлеуметтік сұрақтарды шешсін», - деді Н. Назарбаев.

Бауыржан Мұқанов




Яндекс.Метрика