Инфрақұрылымның дамуы

«Жезқазған-Бейнеу» мен «Арқалық-Шұбаркөл» жобаларына 2014 жылы 11 мың жұмысшы атсалысады

Үкіметтің жол картасы аясында 2014 жылы «Жезқазған-Бейнеу» мен «Арқалық-Шұбаркөл» жобаларының инфрақұрылымдық нысандарының құрылысына 11 мыңдай адам тартылады. Бұл туралы бүгін ҚР ККМ Транспорттық бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.
Астана қаласы25 Сәуір , 14:32

«Өздеріңізге де белгілі, 2012 жылдан бастап орталық Қазақстанды солтүстік және батыс өңірлермен байланыстыратын темір жол құрылысы жүргізіліп жатыр. 2013 жылы жұмыс істеп тұрған магистральдардің басты жолдарын түйістіру жұмыстары аяқталды», - дейді А.Асаубаев.

Оның айтуынша, 2014 жылы станциялар мен бекеттерде әлеуметтік-тұрмыстық нысандар мен инфрақұрылым нысандарының  құрылысы басталмақ.

«Құрылысқа 11 мыңдай адам тарту жоспарланған, соның ішінде «Жезқазған-Бейнеу» жобасын 8,5 мың жұмыскер, «Арқалық-Шұбаркөл» жобасына 2,5 мың жұмысшы тартылмақ», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының жол картасы 2014 жылдың 14 сәуірінде Үкіметтің қаулысымен бекітілген болатын.

Жол картасы 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы, 2050 жылға дейін Қазақстанның ең дамыған 30 елінің қатарына ену мен Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асырудың басты қағидасын іске асыруға бағытталған. 

 




Яндекс.Метрика