Өңірлер

Мемлекет басшысы астаналық ПИК қызметін жақсартуды тапсырды

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев елорданы одан әрі дамытуға арналған отырысында ПИК қызметіне өзінің жұмысымен айналусыда аталап етті.
Астана қаласы25 Сәуір , 14:24

«Қалада 200 ПИК жұмыс iстейдi. Оларға қатысты көп сын айтылуда, мыңнан астам шағым бар. ПИК жылына қала бойынша 4 млрд теңге қаржы жинайды, ал тұрғын үй шатырын жөндеу мәселесi сөз болғанда олардың әрдайым қаржысы жоқ болып шығады. Өңiрлiк даму министрлiгiне Астана қаласы әкiмдiгiмен бiрлесе отыра, тұрғындардың қаржысының тиiмдi жұмсалуын қамтамасыз ететiн механизмдi жасап, ПИК-терден өз мiндеттерiн тиісті атқаруды талап етудi тапсырамын», - дедi Н.Назарбаев. 

«Соңғы жылдары қала аудандырының арасындағы инфрақұрылымдық теңсіздік азайытылып, архитектуралық қала құрылысы жұмыстары күшейтілуде. Мысалға, солтүстік-батыстағы (Сарыарқа ауданы) әлеуметтік нысандардың инфрақұрылым жағдайы орталықтағыдан өзгеше. Түрлі әлеуметтік нысандарға ие орамдар пайда болуда. Менің айтарым, қаладағы барлық әлеуметтік нысандар орталықтағымен бірдей болуы керек, өйткені олар да қаланың іші болып саналады», - дейді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, қалада 200 шақты ПИК бар. Олардың жұмысына қатысты тұрғындардан 1000-нан астам шағым келіп түскен. 

 




Яндекс.Метрика