Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

«Қорғас-Шығыс қақпа» құрлық портының құрылысы 2014 жылы басталады (ВИДЕО)

Үкіметтің жол картасы аясында 2014 жылдың шілде айы соңына дейін «Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА аумағында құрлық порты құрылысы басталады. Бұл туралы ҚР ККМ транспорттық бақылау комитеті төрағасы Әсет Асаубаев бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
Астана қаласы 25 Сәуір, 13:50

«Құрлық портының салынуы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі мен «Жетіген-Қорғас» темір жолының әлеуетін қолдана отырып ірі аймақтық хаб құруға және ірі және қуатты логистикалық орталық құруға мүмкіндік береді. Автожол, темір жол мен әуе инфрақұрылымына байланысты контейнерлік, жүк қойма қызметі интеграциясы Азия, Батыс Еуропа, ТМД мен өзге аймақтарға жүк тасымалдайтын тұтынушыларға транспорттық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», - дейді А.Асаубаев.

Оның айтуынша, порттық құрылысы 2014 жыдың шілде айында басталады.

«Құрылыстың бірінші кезеңін 2014 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл дегеніңіз құрлық порты мен логистикалық аймақ  инфрақұрылымының 30 пайызы. Батыс бағытқа және Ақтау порты арқылы жүк тасымалының мерзімін қысқарту үшін «Жезқазған-Бейнеу» темір жолының құрылысы қарқынды қолға алынбақ», - дейді А.Асаубаев.

Министрлік жыл соңына дейін «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолының қозғалысын іске қоспақ.  

Естеріңізге сала кетейік, ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының жол картасы 2014 жылдың 14 сәуірінде Үкіметтің қаулысымен бекітілген болатын.

Жол картасы 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы, 2050 жылға дейін Қазақстанның ең дамыған 30 елінің қатарына ену мен Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асырудың басты қағидасын іске асыруға бағытталған. 





Яндекс.Метрика