EXPO-2017

ЭКСПО құрылысының шарықтау шегі 2015 жылы байқалады – Т.Ермегияев

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен елорданы ары қарай дамытуға арналған жиында халықаралық көрмені өткізу дайындығы туралы айтты.
Астана қаласы25 Сәуір , 13:05

«Тамыз айында кеңсе ғимараттарының құрылысына, қыркүйекте тұрғын үй кешендерінің құрылысына кірісеміз. Жалпы, биылғы жылдың желтоқсан айына дейін 25 гектарлық көрме аумағының циклін бітіреміз. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Монтаждық  жұмыстардың қарқынды қолға алынатын кезі 2015 жыл болса, 2016 жылдың желтоқсанына дейін барлық жұмыстарды тәмамдаймыз. Осы орайда 2017 жылдың басында қатысушы мемлекеттер өз павильондарының құрылысын бастайды», - дейді Т. Ермегияев.

Ол атап өткендей, компания ЭКСПО-2017 құрылысының бастапқы қызметіне кірісіп кетті.

«Көрмеге отандық бизнесті тарту мақсатында отандық құрылыс кәсіпкерліктері де шақырылды. Қазіргі таңда қызығушылық танытқан органдармен бірігіп, қазақстандық және шетел турагенттіктерін қолдану қарастырылуда», - деді Т. Ермегияев.

Оның айтуынша, туристерге тауардың қыр-сыры паш етілетін болады. Байқоңыр және Ұлы Жібек жолы бағытында тур ашу қарастырылуда.

Камила Амирова, Бауыржан Мұқанов

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика