ҚР ИИДМБ

Астана Индустриялды паркінің жобалары 2016 жылдың соңына дейін жіберіледі

Астана Индустриялды паркінің жобалары 2016 жылдың соңына дейін жіберіледі .Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өткен Астананы одан әрi дамыту жөнiндегi жиналыс барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан25 Сәуір , 12:35

«Келесі басымдылық берілетін қала экономикасының бағыттарының бірі – инновациялық индустрияландыру. Аталмыш міндеттемені іске асыруда инвесторлардың толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық техникалық жағдайлар жасалған Индустриялды парктің дұрыс жұмыс істеп тұруы. Қазіргі таңда аумақта парктің пайдалы аймағының 90 пайызын алып жатқан 180 млрд теңгелік 49 жоба іске асырылуда», - дейді И.Тасмағамбетов. 

Оның айтуынша, 19 жоба қазірдің өзінде  жұмыс істеп тұр. Бір кәсіпкерлік 2014 жылдың наурыз айында іске қосылса, 4 жобаны жылдың соңына дейін бастау жоспарланып отыр. Қалған 25 жоба құрылыс кезеңінде. 

 «Бүгінгі таңда парк аумағында инвестицияның жалпы көлемі 180 млрд теңгені құрайтын 49 жоба жүзеге асырылып жатыр, олар Парктің пайдалы жерінің 90% алады. 19 жоба табысты жұмыс істеп жатыр, бір кәсіпорын биыл наурыз айында іске қосылды және 2014 жылдың соңына дейін 4 кәсіпорын пайдалануға берілмек. Қалған 25 жоба қолға алынды, жер телімдері ресімделуде»,- деді Иманғали Тасмағамбетов.

Жалпы, Индустриалды парктің барлық жобаларын 2016 жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылатын Екінші Индустриалды парктің ТЭН-ін әзірлеу жұмыстары аяқталады. Онда 433 га жерде кем дегенде 40 жаңа кәсіпорын ашылады, олар инновациялық, ғылымды қажетсіну және перспективада экономикалық тиімді болу критерийлеріне сәйкес болады.

 




Яндекс.Метрика