EXPO-2017

ЭКСПО Астананың дамуына жаңа серпін береді – Н. Назарбаев

Бүгiн Астананы одан әрi дамыту жөнiндегi жиналыс барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу Астана үшін үлкен жетістік екендігін айтты.
Нұр-Сұлтан25 Сәуір , 12:12

«Алда атқарылуы тиіс көптеген жұмыс бар. Басты міндеттемелердің бірі – ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу. Біздің осынау көрмені өткізуге мүмкіндік алып отыруымыз үлкен мақтаныш. Бұл қала дамуына жаңа серпін береді. Астананың жаңа орталығы пайда болып, жаңаша көркейеді. Бұл тұрғындар үшін де қуаныш. Біз тек қана көрме өткізіп қоймай, сонымен қатар «жасыл» экономиканың жаңа технологияларын пайдаланылатын инновациялық жобалардың нысандарын құратын боламыз», - дейді Н.Назарбаев. 

Айта кетейік, 24 сәуір күні Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесінің капсуласын салған болатын.

«Кеше мен ЭКСПО -2017 көрмесі құрылысының капсуласын салған болатынмын. Ерте көктемде біз алға қойған мақсаттарымызды айқындағанымыз нық қадам болды. Бас мердігерді де анықтадық, ол өз жұмысына кірісуі тиіс. Бұл Астананың құрылысына ете араласқан шеберлер біздің үмітімізді ақтайды деген үміттеміз», - деді Президент.

 

 




Яндекс.Метрика