Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Қазақстанда ағымдағы жылы шамамен 60 мың жалдамалы тұрғын үй енгізіледі - СҚЖҚ

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарамасын жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылы шамамен 60 мың шаршы метр жалдамалы бапана енгізіледі, деп хабарлады «Самұрык-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Болат Палымбетов.
Казахстан23 Сәуір , 00:00

«Ағымдағы жылы шамамен 60 мың шаршы метр баспана енгізіледі. Оларды Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында іске қосуды жоспарладық», - деді Б.Палымбетов.

Сонымен қатар, ол қордың мақсатты аудиториясы жалақысы 100 мың теңгеден асатын табыстың орташа деңгейлі азаматтары болып табылатынын атап өтті. 

Аталған баға позициялары Астана және Алматы қалаларына қатысты, өңірлерде шаршы метрге әлдеқайда төмен болады.

Жалпы алғанда, іске асырудың басынан бастап, пайдалануға 17 нысан берілген, олардың 5-еуі 2012 жылы, осылайша Дағдарысқа қарсы аталған бағдарламаны жүзеге асыру аяқталған, ағымдағы жылы соңғы нысан аяқталады.

Сонымен бірге, қор тұрғын үй құрылысының іске асырылатын жобаларында жергілікті қамтуды арттыру бойынша шаралар қолданылуда. Осылайша, өткен жылдың қортындысы бойынша «Құрылыс салушылардың қазақстандық қамтуы» коэффициенті шамамен 74%-ды құрады. 

Жобаларды жүзеге асыру шеңберінде жылжымайтын мүлік қоры 180-нен астам құрылыс және мердігерлік ұйымдармен, сонымен қатар 300 құрылыс материалдарын, жабдықтарды өндірушілермен және олардың делдалдарымен ынтымақтастық орнатылған. 

Осылайша, ағымдағы жылы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде тұрғын үй ғимараттарын сатуды Жылжымайтын мүлік қоры сату және сатып алумен бірге жалға беру арқылы жүзеге асырады. Алматыда «Асыл арман» және Ақтөбеде «Юнис сити» тұрғын үй нысандарының құрылысына инвестициялау келісім-шарттары жасасқан. 

Бұдан өзге, бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына ыңғайлы болу үшін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға онлайн режимде өтінім беруге мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика