Өңірлер

БҚО-да ҰОС ардагерлері 9 Мамыр күні 50 мың теңгеден алады

Мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Ұлы Отан соғысы мүгедектері 50 мың теңгеден алады. Ал ҰОС мүгедектерімен тең жандар: блокадалық Ленинград тұрғындары, фашистік лагерь тұтқындары, арнайы құрылым жұмыскерлеріне 10 мың теңгеден беріледі.
Батыс Қазақстан25 Сәуір , 11:18

Сонымен қатар, 9 Мамырда Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО медальдары мен ордендерімен марапатталған жандарға және өзге де кісілерге бір реттік жәрдемақы төленеді.

Жалпы, облыс әкімдігінің хабарлауынша, бүгінде облыста 77,8 мың зейнеткер бар. Соның 303-і Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері. Ал 1,5 мыңы соларға теңестірілген кісілер болса, 21 мыңы жауынгерлердің жесірлері, тағы 262 отбасы соғыста қайтыс болған жауынгерлердің отбасы. 




Яндекс.Метрика