Халықаралық интеграция

Сенат Өзбекстанмен стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кезекті отырысында Өзбекстанмен стратегиялық әріптестік туралы шарт ратификацияланды.
Нұр-Сұлтан25 Сәуір , 10:30

Отырыс барысында сенаторлар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялады, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.ШартҚазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылдың базалық қағидаттарын қамтитын негіз құраушы құжаттардың бірі болып табылады, ол екі мемлекет арасындағы шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған.

Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге бағдарланған. Шартқа сәйкес, тараптар өздерінің тәуелсіздігіне, егемендігіне, аумақтық тұтастығына төнген қауіп-қатердің алдын алу мәселелерінде бірлесіп қолдау мен өзара көмек көрсетеді.

 




Яндекс.Метрика