Өңірлер

БҚО-да 233 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі

Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылы 233 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі.
Батыс Қазақстан25 Сәуір , 10:14

2014 жылы БҚО-да «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 5965,436 млн теңге бөлінді, деп  облыстың ішкі саясат басқармасында хабарлады. 233,4 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беріледі, оның 34,4 мың шаршы метрі мемлекеттік қолдау үлесінен.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың бірінші кварталының қорытындысы бойынша қолданысқа 61,8 мың шаршы метр,яғни жылдық көрсеткішке 26 пайыз: 5,9 мың шаршы метр тұрғын үй Орал қаласының отбасылары үшін бөлінді, 6,5 мың шаршы метр Ақсай қаласының отбасыларына 75 пәтерлік үй ретінде тапсырылды. 48,4 мың шаршы метр жергілікті жердің қаражатына жеке тұрғын үй ретінде қолданысқа беріледі.

Айта кетейік, 2013 жылдың қорытындысы бойынша, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша БҚО-да қолданысқа 8 көппәтерлі тұрғын үй берілді. 




Яндекс.Метрика