Өңірлер

Өскеменде «KAZSERVEX» халықаралық форумы өтті

Өскеменде өткен «KAZSERVEX» халықаралық форум шеңберінде жедел әрі кешенді шешімді қажет ететін мұнайгаз саласын дамыту мақсатындағы мәселелер талқыланды. Игі шараны Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚР Мұнай және газ министрлігімен бірлесіп өткізді.
Батыс Қазақстан25 Сәуір , 09:42

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, форумның жұмысына ҚР Мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты. Бұдан басқа шараға жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мұнайгаз және бір-бірімен байланысты салаларда жұмыс істейтін  жүйелік, машинақұрылысы компанияларының өкілдерінен құралған 250-ден астам адам атсалысты.

Сонымен қатар, бұл форумға шетелдік компанияларда қызығушылық танытты. Олар: «ГазПром Автоматизация» ААҚ,  «CANADOIL GROUP FZCO» және «EMERSON» компаниялары мен т.б. Болашақта аталмыш компаниялар Қазақстанда бірлесіп кәсіпорындар ашпақшы.

 «Жалпы, БҚО-да  ҮИИДМБ жүзеге асырылғалы бері машинақұрылысы өндірісі екі есе артып, 9-дан 18,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.  Сала жоғары өсімді ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша да көрсетті. Өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстыратын болсақ өсім 43,2% құрады. Ал, электрлік құралдарды өндіру 3,6 есе, машина мен жабдықтар 2,4 есе, тасымалдау көліктері 6,5%артыпты.  Сонымен қатар, сала бойынша еңбек өнімділігі 2008 жылмен салыстырғанда 2,3 өскен.

Айта кетерлік жайт, бұл форумның маңыздылығы ол Атырау қаласында   Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мемлекет басшыларының қатысуымен «Көмірсутек саласындағы инновациялар» тақырыбында өтетін XI шекаралық серіктестік Форумына дайындық болып табылады», - деді сөз соңында БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев.

 




Яндекс.Метрика