Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Түркия ынтымақтастық жолындағы барлық кедергілерді жоюға ниетті

Қазақстан Түркияға өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа шарттар беруге әзір. Ең үлкен тартымдылықты тамақ және жеңіл өнеркәсіптеріне берілмек, оның ішінде ҮИИДМБ-ның екінші бесжылдығы аясында, деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев түркиялық әріптесі Нихат Зейбекджимен кездесу барысында.
Нұр-Сұлтан25 Сәуір , 09:27

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылау  барысында олардың тұрақтылығы мен болашағын ерекше атап өтті, деп  ҚР ЭБЖМ-де хабарлады.

«Біздердің экономикаларымыздың мүмкіндіктері мен күші ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің жолда тұрған барлық кедергілерді 2014 жылдың соңына дейін жою қажет, - деп Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекджи айтып өтті.

Қазақстанның сыртқы саясатының оңтүстік-батыс бағытында Түркия басты орын алады. 2013 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 3 млрд.495,6 млн. АҚШ долл. құрады. Экспорт - 2 млрд.595,1 млн.АҚШ долл., импорт - 900,6 млн. АҚШ долл. құрады.


 




Яндекс.Метрика