Өңірлер

Астанада құрылысқа BIM-технологияларын енгізу мәселесі қарастырылды

Астанада ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішевтің төрағалығымен Қазақстандағы құрылысқа заманауи BIM-технологияларды енгізу қарастыру мәселесі бойынша жиын өтті.
Нұр-Сұлтан25 Сәуір , 09:12

ҚР ӨДМ мәліметінше, шараға «Autodesk», «Bentley Systems», «Tekla Corporation», «Nemetschek» «ИндорСофт» компаниялары өкілдері, «Инком АВС» (АВС-4 бағарламасы) – сметалық бағдарламаның қазақстандық нарық қатысушылары, «KAZGOR» (SANA-2001 бағдарламасы) жобалық академиясы өкілдері мен сметалық есептеу бағдарламасын дайындаушылар және жобалау және құрылыс қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Айта кету керек, қазіргі таңға дейінгі баға орнату реформасының басты бағыттарының бірі құрылыс құнын анықтаудың ресурстық әдістері кезінде сметалық құжаттаманы дайындау мерзімін қысқартуға мүмкінік беретін жобалаудың инновациялық технологиясын енгізу болып табылады.

Аталмыш мәселені шешу жобалауда инновациялық технологияны енгізу, соның ішінде әлемдік деңгейде мойындалған құрылыстағы BIM (Building Information Modeling – ғимаратты ақпаратты модельдеу) бағдарламасы болып табылады.

Жиында қазақстанық жобалар бойынша 3D форматта жобаланған нақты жобалардың таныстырылымдарымен BIM технологиясын қолданатын мамандардың баянамалары тыңдалды.

Жалпы, қатысушылар аталмыш технологиялардың Қазақстан құрылысына беретін пайдасының ұшан теңіз екенін айтты. Жиынның қорытындысында сөз алған министр Қазақстандағы баға орнату жүйесін реформалау бойынша атқарылған жұмыстың деңгейін айтып, жобалау-сметалық құжаттама дайындау кезіндегі емесптеудің тиімді әдістерін атады.

«Бәрінен бұрын мемлекеттік инвестиция есебінен құрылыс саласы үшін бұл жұмыстардың маңызы зор. Жалпы жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесі мердігерлік құрылыс жұмыстарындағы мемлекеттік сатып алуды жетілдіру, нысандардың сапасын арттыру мен азаматтардың сұранысын қанағаттандыруға арналған», - дейді Б.Жәмішев.




Яндекс.Метрика