Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді

Сейсенбі, 25 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландыру картасы» жобаларының тұсаукесері бойынша жалпыұлттық телекөпір өтеді.
Астана қаласы25 Желтоксан , 00:00

Президент Нұрсұлтан Назарбаев үдемелі индустриялдық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуының қорытындысын шығарады, сондай-ақ, алдағы жылы алға қойылатын жаңа мақсаттарды айқындайды деп жоспарлануда. 

Жалпыұлттық телекөпір барысында «Алтын сапа», «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» жылсайынғы байқауларыныңлауреаттарын марапаттау салтанаты жоспарланған. «Парыз» байқауы және «Аллтын Сапа» арнайы жүлдесінің гран-при мен жоғары марапатын дәстүр бойынша Н.Назарбаев табыс етеді. 

Күні кеше ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім еткендей, Кедендік одаққа мүше болып, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер тұста Қазақстан үшін экономикалық дамудың жаңа деңгейі мен шағын және орта бизнесті қолдау баршамызға өте маңызды. 

«Қазақстандық экономикалық саясаттың басты мақсаты – кәсіпкерлік қатынастың бәсекелестікке жарамды бизнесін құру, бәсекелестікке жарамды инвестициялық ахуал мен қолайлы жағдай қалыптастырып, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, дамудың жаңа деңгейіне көшу», – деп атап өтті Әбибуллаев. 

Жылсайынғы «Алтын сапа», «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары ұлттық саясаттың, отандық өндірушілердің, кәсіпкерлер мен ұлттық экспортерлерді қолдау мен ынталандырудың маңызды кепілі болып табылады.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика