Халықаралық интеграция

Астана мен Прага екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Прагада қазақстан-чех сыртқы істер министрліктері арасында екіжақты консультациялар өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, ал чех делегациясын Чехия СІМ басшысының орынбасары Мартин Тлапа басқарды.
Әлемде25 Сәуір , 09:00

Тараптар қазақстан-чех қатынастарының саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жағдайы мен болашағы, сондай-ақ БҰҰ мен Еуроодақ шеңберіндегі ынтымақтастық туралы пікір алмасты, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Күн тәртібі мәселелерінің бірі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2012 ж. Чехияға ресми сапарының қорытындылары болды.

Кездесу барысында өзара мүддені білдіретін аймақтық және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелерге аса көңіл бөлінді.

Екіжақты ынтымақтастық шеңберінде сыртқы саяси ведомстволар арасындағы өзара әрекеттестіктің даму келешектері талқыланды. Осы орайда, А.Волков чех тарапын алдағы «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, тараптар көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыға салып, халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасты. Оның ішінде, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында сұхбатты тереңдету мәселесі айтылды. Қазақстандық делегацияның басшысы Еуроодақпен әрекеттестіктің түйінді сәті өзара қатынастарымыздың келесі, яғни толысқан кезеңін көрсетуге мүмкіндік беретін кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа Келісімді дайындау болып табылатындығын атап өтті.

Өз кезегінде, ерекше көңіл халықаралық ұйымдар шеңберіндегі келісілген өзара әрекеттестік мәселесіне бөлінді. Бұл мәнмәтінде тараптар БҰҰ органдарына өзара қолдаумен алмасуда кез келген мүмкіндіктерді қарастыруға дайындығын білдірді.

 




Яндекс.Метрика