Өңірлер

Қарағанды облысында жылыту маусымына дайындық талқыланды

Бүгін облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің төрағалығымен әкімдіктің алқа мәжілісі өтті. Онда 2013-2014 жылыту маусымының қорытындысы шығарылып, 2014-2015 жылыту маусымына дайындық аясында бірқатар міндеттемелер алға қойылды.
Қарағанды24 Сәуір , 18:50

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, мәжіліс қорытындысы бойынша, қаулы қабылданып, соған сәйкес шаралар жоспары мен 2014-2015 жылыту маусымына дайындық пен оны өткеру бойынша облыстық жұмыс тобы құрамы бекітілді.

Айта кету керек, меншік формасы мен ведомстволық түріне қарамай кәсіпкерліктер, ұйымдар мен облыстың қызметтері тарапынан алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары мен өткеруге жауапты ретінде қалалар мен аудандардың атқарушы органдары бекітілді.

Қала мен аудан әкімдіктері тарапынан жылытушы кәсіпкерліктермен бірлесе отырып 2014 жылдың қараша айына дейін жылу энергиясы есебінің құрылғыларын орнату бойынша жұмыстарды жалғастырып, жылыту маусымының басталғанына дейін қазандықта жұмыс істейтін жұымскерлерді оқытуды ұйымдастырып, жылыту жүйелерін автоматтандыру тапсырылды.  

Сонымен қатар, газбен қамтамасыз ететін кәсіпкерліктерге көгілдір отынның төмендеуінің екі айық қоры мен күзгі-қысқы мерзімдегі жұмысқа газ жүргізілетін құрылғыларды дайындау тапсырылды.




Яндекс.Метрика