Өңірлер

ҰКП-да табиғи монополиялар мәселесіне қатысты заң жобалары қаралды

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымша енгізу туралы» ҚР заң жобасына ҰКП ескертулері мен қосымшалары» тақырыбымен ҚР ҰКП іскерлік алаңында дөңгелек үстел өткізді.
Нұр-Сұлтан24 Сәуір , 18:45

ҰКП ресми порталының хабарлауынша, келелі отырыста палатаның ескертулері мен ұсынысы ескерілген  ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі ұсынған «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымша енгізу туралы» ҚР жетілдірілген заңжобасы қаралды.

Талқылауға ТМРА, ҚР ҰКП салалық комитеттердің хатшылығы мен қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Көптеген кездесулер мен талқылаулардың нәтижесі бойынша ТМРА заңжобасына қатысты ҰКП берген ескертулер мен ұсыныстардың 60% қабылдады.

Енді Жұмыс тобының мүшелері бекітілген мерзімге - 2014 жылдың 30 сәуіріне дейін толықтырылған жаңа заңжобасы бойынша қорытынды ескертпелері мен ұсыныстарын жібереді.




Яндекс.Метрика