Білім беру

Көкшетауда студенттерге арналған саяси менеджмент семинары өтті

Көкшетаудағы «Нұр Отан» партиясы саяси менеджменті мектебінің семинар-тренингіне 200-ден астам студент келді.
Ақмола24 Сәуір , 18:00

«Жоба ЖОО бітіруші жастардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мен жұмысқа орналастыру мақсатында ұйымастырылды», - дейді «Нұр Отан» партиясының саяси менеджменті мектебінің директоры Әсет Абдуалиев шараның ашылу барысында.

Семинар-тренинг барысында студенттер республика ішімен қатар шет елде де «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, тыңдаушылар сұранысы бойынша жоғары мамандықтар таныстырылып, алдағы уақытта жұмысқа тұру жолдары жайлы кеңестер берілді.

«Жұмысқа орналасу технологиясы», «Көшбасшылық қабілеттер мен менеджмент негіздері» тақырыптарында тәжірибелік сабақтар өткізілді. 




Яндекс.Метрика