Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Чехия арасындағы қатынас қарқынды дамуда – СІМ

Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковтың Прагаға сапарына орай ресми іс-шара өтті.
Әлемде24 Сәуір , 17:30

Шараға ЧР Парламентінің депуттатары - парламентаралық достар тобының мүшелері, Үкімет мүшелері, дипломатиялық корпус пен БАҚ өкілдері қатынасты, деп СІМ хабарлады.

А.Волков өз сөзінде Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың серпінді түрде дамып келе жатқандығын, түрлі салалардағы өзара қызығушылықтың артып отырғандығ атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанның тәуелсіз жылдарындағы жетістіктерін, оның ішінде саяси жүйедегі ауқымды реформаларын, экономикада, әлеуметтік және мәдени өмірде түбегейлі өзгерістері мен «Қазақстан-2050» Стратегиясы» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының негізгі қағидаларын ашып айтты.

Келген қонақтардың назарына «Астана – Еуразия жүрегі» атты фотокөрме ұсынылды.

Сонымен қатар, сол күні А.Волковтың Чех Республикасы Президентінің Аппараты Халықаралық бөлімінің директоры Гинек Кмоничекпен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар қазақстан-чех қатынастарының саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жағдайы мен келешегін, сондай-ақ БҰҰ мен Еуроодақ шеңберіндегі ынтымақтастық, екі ел арасында визалық тәртіпті жеңілдету туралы пікір алмасты. Күн тәртібі мәселелерінің бірі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2012 ж. Чехияға ресми сапарының қорытындылауы болды.
 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика