Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қытай мен Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастыққа келді (фото)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қытай Халық Республикасының Адами ресурстар және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасында мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастық жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою барысында ҚХР АРӘҚМ вице-министрі Ян Шицю «Қытай тарапының Қазақстаннан үйренері көп», деп ағынан жарылды.
Нұр-Сұлтан 24 Сәуір, 17:15

«Біз өзіміздің мемлекеттік қызмет бойынша заңнамалық базамызды құрдық. Біздің алдымызда осы механизмді одан әрі жетілдіру міндеті тұр. Осы ретте біз үшін өзге мемлекеттердің тәжірибесі аса маңызды. Оның ішінде Қазақстанның тәжірибесіде бар. Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласы жаңадан дамып келе жатқан жүйе. Алайда біздің мемлекеттік қызмет жүйемізде соншалықты үлкен жаста емес», - деді сөз басында Ян Шицю.

Сонымен қатар ол, Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласындағы жеткен жетістіктерін тілге тиек етті.

«Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі өте жас. Алайда біздің қазақстандық әріптестеріміз бұл жүйені қалыптастыруда өте креативті   тәсілдерді қолданған. Сонымен қатар, бірқатар тиімді ұсыныстарда жасаған. Дәлірек айтатын болсақ, ол Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңжобасы, мемлекеттік қызмет саласы бойынша реттеу шаралары, сондай-ақ Қазақстан өзге елдердің тәжірибесін өз ұлтының ерекшеліктеріне бейімдей отырып пайдалануда. Баса айта кетерлік жайт, соңғы жылдары Қазақстан мемлекеттік қызметті реформалауды да қарқынды жүргізуде. Олар бәсекелестік жүйесі, тестілеу, мемлекеттік қызметкерлерді аттестатциялау , мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру  және т.б. Жоғары да айтылғандардың барлығы Қытай үшін үлкен тәжірибе. Демек біздің Қазақстаннан  үйренеріміз көп», - деді Ян Шицю.

Қытай Халық Республикасының Адами ресурстар және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің вице-министрі сөз соңында: «Бұл Қытай мен Қазақстан арасында мемлекеттік қызмет саласын дамытуда жасаған алғашқы қадамамыз. Алдағы кездесулерімізде оның нәтижесі мен жалпы жұмыстың жүру барысы туралы кеңірек әңгімелейтін боламыз», деп ағынан жарылды.





Яндекс.Метрика