Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруде ҚХР-дан аларымыз мол- Ә. Бәйменов

Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруде Қытай Халық Республикасынан аларымыз көп. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов Қытай Халық Республикасының Адами ресурстар және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің вице-министрі Ян Шицюмен кездесу барысында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан24 Сәуір , 16:40

«Біз үшін ҚХР ынтымақтастық аясында мемлекетік қызмет бойынша өзара байланысымыздың болғаны маңызды. Осы ретте Қытай тарапынан арнайы делегация келіп еліміздің осы саладағы жетістіктері және реформаларымен танысуда. Айта кетерлік жайт, Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласындағы реформалары халықаралық сарапшылар тарыпынан жоғары бағаланып қызығушылық тудыруда», - деп сөз басында Әлихан Бәйменов ағынан жарылды.

Кездесу аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қытай Халық Республикасының Адами ресурстар және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасында мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастық жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.  

«Меморандум шеңберінде бес бағытта жұмыстар атқарылады. Кездесулер, білім алмасу,  мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер бойынша іс-шараларға қатысу, екі елдің мемлекеттік қызметкерлері үшін кәсіптік оқыту өткізу көзделген», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің төрағасы.

Маманның айтуынша Қазақстанның  мемлекеттік қызмет саласындағы  халықаралық ынтымақтастық географиясы кең. Ол ЕО мүше елдермен, АҚШ, Кореямен, Жапониямен, Ресеймен аталмыш сала бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Ал, Қытай тарапымен ынтымақтастық бұл игі үрдістің жалғасы.

«Елбасы кезінде халықаралық тәжірибені өзімізге алып қана қоймай, оны өзіміздің ұлттық ерекшелігімізге бейімдеп сіңіруді тапсырған болатын.  Осы ретте Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруде Қытай Халық Республикасынан аларымыз көп десем қателеспеймін. Жалпы, Қытайға кәсіптік оқулар мен іс-тәжірибелерден өтуге қанша адам жіберілетінін меморандуммен бірге жүретін жоспарда нақты көрсетілетін болады. Онда қос тараптың қажеттіліктеріне байланысты негізгі бағыттар да айқындалады. Бұдан басқа,  айта кетерлік жайт біз Қытай тарапына аймақтық хабтың бірінші журналын тарту еттік. Мұндағы мақсат мемлекеттік қызмет саласындағы қытайлық ғалымдар біздің мамандарымызбен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуге ниет білдіреді деген ойдамыз. Сонымен қатар, олардың жұмыстары осы журналдың келесі сандарында көрініс табар деген сенімдеміз», - деді сөз соңында Ә.Бәйменов.

Жалпы, екі жақты кездесу барысында Қытай делегациясына қазақстандық тарап Агенттіктің қызметі және мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, «е-қызмет» автоматтандырылған персоналды басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік қызметін таныстырды.

 




Яндекс.Метрика