Евразиялық одақ

ЕЭО аясында мемлекеттік қолдау деңгейі орнатылды – А.Евниев (фото)

Бүгін Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің іскерлік кеңесінің кезекті отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев Еуразиялық экономикалық одақ аясында мемлекеттік қолдау деңгейі өндірілген өнімнің жалпы көлемінің 10 пайызы көлемінде орнатылғанын айтты.
Нұр-Сұлтан 24 Сәуір, 16:30

«Кедендік одақ аясында ауыл шаруашылығы саласында өзара сауда жасасатын мемлекеттік қолдау көлемінің деңгейі бойынша шектеу, аграрлы саланы субсидиялаудың үш елге бірдей әдістерін орнатуға бағытталған мемлекеттік қолдауың бірыңғай ережелері туралы келісім қабылданды», - дейді А.Евниев.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім біздің еліміздің экономикалық мүддесіне қарай құрылатын болады.

«Қазақстан халқының 17 млн-ды құрайтынын ескере отырып кез келген кәсіпкерліктің басты мәселесі сату нарығының тарлығы екенін айта аламыз. Қазіргі таңда біз 170 млн-дық нарыққа қол жеткізе отырып аталмыш нарықтың сомалық құнының 1,8 трлн долларды құрайтынын көріп отырмыз», - дейді АШМ жауапты хатшысы.

Сол себепті ЕЭО басты шарттарының бірі, оның айтуынша, мемлекеттік қолдау деңгейін теңестіру болып табылады.

«Тараптар мемлекеттік қолдау деңгейі өндірілген өнімнің жалпы көлемінің 10 пайызы көлемінде орнатылғанын айтысты. Қазақстан мен Ресей аталмыш деңгейді басқара білуі керек. Сонда ғана үш елдің кәсіпкерлігіне қолдау көрсетуге мүмкіндік туып, бәсекелестікке жол ашылады», - дейді А.Евниев.





Яндекс.Метрика