Үкімет

Кәрім Мәсімов Түркияның экономика министрімен кездесті

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекчимен кездесті.
Нұр-Сұлтан24 Сәуір , 15:35

Кездесу кезінде Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің ауқымды мәселелері талқыланды, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Экономиканың басым салаларындағы екі жақты іс-қимыл аспектілері және іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту перспективалары қаралды.

Кәрім Мәсімов Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастың жоғарғы деңгейде екенін атап өтті. Үкімет басшысы екі елдің өзара сауда айналымын арттыру үшін әлеуеттерін толық пайдалануы қажеттігіне тоқталды.

Өз кезегінде, Н.Зейбекчи екі ел арасындағы қарым-қатынастың ырғақты сипат алғанын атап, Қазақстан мен Түркияның іскерлік әріптестігін одан әрі тереңдете түсуі керектігін айтты.

 

 




Яндекс.Метрика