Евразиялық одақ

Өнеркәсіп өнімінің КО-ға экспорт көлемі 60%-ға артты

Бүгін Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің іскерлік кеңесінің кезекті отырысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы өңдеуші өнеркәсіп өнімінің КО-ға экспорт көлемі 60%-ға артты.
Нұр-Сұлтан24 Сәуір , 15:20

«Өздеріңізге де белгілі, 2010 жылдан бастап Қазақстан Кедендік одақ аясында жұмыс істеуде. Бастапқыда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің бұл интеграцияға айын еместігі, тиісінше біздің кәсіпкерліктердің бәсекеге қабілетсіздігі жайлы ел арасында түрлі қауіптің болғаны жасырын емес. Алайда бүгінгі көріп отырғанымыздай, аталмыш интеграциядан Қазақстанның ауыл шаруашығы тек ұтады. 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімінің КО елдеріне экспорты көлемі 208 пайызға артты. Осы орайда экспорт көлемінің тек ауыл шаруашылығы шикізатының ғана емес, сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің де көлемінің артып келе жатқанын айта кету керек», - дейді А.Мамытбеков.

Министрдің айтуынша, биылғы есептік жылда өңеуші өнркәсіп өнімінің КО-қа экспорт көлемі 60%-ға артты.

«Біз КО интеграциясы арқылы шығынға ұшырап, бәсекеден қалып қоймақ түгілі, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер өз өнімерін сыртқа сатуға мүмкінік алды. Біз Қазақстанның халқынан 10 есе үлкен нарыққа қол жеткіздік. Біздің ұстанымыз бұл тұрғыда ең бастысы өндіру емес, сату. Көптеген әкімшілік кедергілер алынып тасталып, әсіресе мал шаруашылығының жолы ашылды», - дейді.

Сонымен қатар, министр ауыл шаруашылығының төменгі салықтың артықшылықтарын да атап өтті.  

«Ресми статистика бойынша, экспортқа қатысты мәселелер де анықталды», - дейді ведомство басшысы.

Айта кету керек, интеграцияның үш жылы ішінде ҚазақстанКО елдеріне шамамен 1 млрд доллардың АӨК өнімерін экспорттаған.




Яндекс.Метрика