Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша - 38-інші орында

Дүниежүзілік экономикалық форумның жариялаған мәліметіне сай, Қазақстан әлемнің 148 елінің арасынан желілік дайындық бойынша өткен 2013 жылғы көрсеткіштен 5 орын алға жылжып, 38 орынға табан тіреді.
Казахстан24 Сәуір , 15:00

Осылайша, Қазақстан Кипр (37) мен Латвияның (39) арасынан орын ала отырып ТМД елдері бойынша ең үздік көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі.

Ресей бұрынғыша 50-інші орыннан көрінді.

ДЭФ рейтингін 2014 жылы Финляндия бастап тұрса, Сингапур екінші орнын сақтап қалды. Швеция үшінші орында.

Айта кету керек, желілік дайындық индексі елдегі ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) даму деңгейін анықтайды және бірнеше көрсеткіштер бойынша жіктеледі.  

Мысалға, ұялы байланыс абоненттері саны бойынша Қазақстан 3 орынға көтерілсе, ғаламторда көпжолақтық қолжетімілік тарифы бойынша өз деңгейін 8 орынға көтерген. Ал ұялы байланыс тарифы бойынша еліміз 148 елдің ішінде 17 орында. 




Яндекс.Метрика