Кедендік одақ

Сәйкестендірудің бірыңғай жүйесінің жобасы ЕЭО-да сауда үрдісін жеделдетеді – Б. Сейсенов

Сәйкестендірудің бірыңғай жүйесінің жобасы ЕЭО-ға сауда үрдісін жеделдетеді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҰКП агроөндірістік кешенінің сарапшысы Болат Сейсенов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 24 Сәуір, 13:20

Сейсенов атап өткендей, ауыл шаруашылық субьектілерінің сәйкестендіру бірыңғай жүйесінің жобасы Еуразиялық экономикалық кеңеске тауар айналымын арттырады.

«Бүгiнде Еуразиялық комиссияда Ауыл шаруашылығы жануарларын Кедендiк одақ аясында тiркеу және қадағалауға, шығу тегiн анықтауға мүмкiндiк беретiн Сәйкестендiрудiң бiрыңғай жүйесi туралы жоба қарастырылуда. Бұл бизнесте өзара бiрлесiп жұмыс iстеуге мүмкiндiк бередi», - дейдi Б.Сейсенов. 

Ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкiлi отандық кәсiпкерлер Кедендiк одақ аясында транспондерлердi экспортқа шығару туралы өтiнiш бiлдiргендiгiн жеткiздi. Бирка түрiндегi аталмыш құрылғы жануарларға сәйкестендiру нөмерiн беруге арналған.

«Құжат жетілдіріліп болған соң, интеграциялық үрдістердің  тереңдетілуін жеделдету  жоспарланып отыр. Бүгінде Қазақстан 95 пайыз ветеринарлық препараттарды КО мен өзге елден жеткізеді»,- деді ол.

Сондай-ақ, ол Ресей мен Беларусь елінен аталмыш препараттарды әкелу жағдайының үлкен екенін  атап өтті. Ол отандық шығарылымдарды аталмыш дәрежеде жүзеге асыруға болатындығын тілге тиек етті.

«Жобаның басты мақсаты – отандық биологиялық препараттар мен ауыл шаруашылығы препараттарының қажет екендігіне кепілдік беру. Ол АӨК кешенін дамытуға өзіндік үлесін қосар еді», - деді Б. Сейсенов. 





Яндекс.Метрика