Евразиялық одақ

КО аясындағы интеграция ШОБ үлесін ұлғайтуға әсер етеді – Б. Сейсенов

КО аясындағы интеграция ШОБ үлесін ұлғайтуға әсер етеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҰКП агроөндірістік кешенінің сарапшысы Болат Сейсенов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан24 Сәуір , 12:50

«2013 жылдың қорытындысы бойынша, шағын және орта бизнестің үлесі ЖІӨ құрылымында 17,3 пайызды құрады. Біз интеграциялық үрдістер Кедендік одақ аясында шағын және орта бизнестің  дамуына әсер етеді, деп ойлаймыз», - деді Б. Сейсенов.

Айта кетейік, КО аясында кедендік тәртіп бойынша келісімдер орнатылған.

«Сауда мен тауар үрдістерін жеңілдету үшін ветеринарлық сертификаттар КО қатысушыларына беріледі. Кәсіпкерлер жүкті  кедергісіз тасымалдауға және барлық елде ветеринарлық сертификатты қолдануға құқылы», - деді ол.

Оған қоса, бүгін ұйымдардың бірыңғай реестрі құрылған.

«Ветеринарлық реттеудің бірыңғай жеңілдетілген тәртібі қабылданды. Қазір кәсіпкерлер КО елдерінің барлық аймақтарына шыға алады», - деді Б. Сейсенов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер үшін ветеринарлық преппараттарды тіркеу шарасы жеңілдетілген.

«Бұл басқа елдерге қарағанда Қазақстандағы ветеринарлық препараттарды тіркеуден әлдеқайда күрделі. Ол баға мен тіркеу уақытына байланысты. Біз сондықтан да, беларусьтық және ресейлік кәсіпкерлер өз елдерінде шығарылған препараттарды Қазақстанда тіркеп жатқанын көреміз», - деді сарапшы.

 




Яндекс.Метрика