Евразиялық одақ

Өңірлік даму министрлігі ЕЭО құрылыс саласын интеграциялауды қолдайды

ҚР Өңірлік даму министрлігінде ЕЭК мен Кедендік одақтың жұмыс топтарының отырысы өтті. Онда КО-тың техникалық регламент мәселелері талқыланды.
Нұр-Сұлтан24 Сәуір , 12:45

Тараптар ЕЭҚ туралы Келісім шеңберінде техникалық реттеу саласына құрылыс (іздестіру) сұрақтарын қосу бойынша нормалар мен ережені енгізу мәселелерін талқылады.

Техникалық регламенттерді сәйкестендіру, мемлекетаралық нормативті құжаттарды қабылдау бойынша мәмілеге келу сынды бірқатар мәселер пікірталас тудырды.

Келелі кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы Келісімнің жобасында құрылыс, жобалау, сонымен қатар іздестіруді техникалық реттеу нысаны ретінде қалдыруға келісті, деп ҚР Өңірлік даму министрлігінен хабарлады.

Сонымен қатар, тараптар ЕЭК «Ғимараттар мен нысандардың, құрылыс материалдар мен заттардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент тұжырымдамасын дайындап, бекіту қажеттігін атап өтті. Айта кетерлік жайт, аталмыш құжатты  жасақтау міндеті бір ауыздан ҚР Өңірлік даму министрлігіне жүктелді.




Яндекс.Метрика