Халықаралық интеграция

Еуразиялық Медиа Форум - күрмеуі қиын мәселелерді талқылаудың сенімді алаңы - Д. Назарбаева (фото)

Еуразиялық Медиа Форум күрмеуі қиын мәселелерді талқылауда- сенімді алаң. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан ХІІ Еуразиялық Медиа Форумның ашылу салтанатында ЕАМФ Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 24 Сәуір, 11:30

«Еуразиялық Медиа Форум күрмеуі қиын мәселелерді талқылауда -сенімді алаң. Форум осымен 12 жыл қатарынан өткізіліп келеді,  осы уақыт аралығында біз бүкіл әлемді толғандырып жүрген күрмеуі қиын мәселелерді талқыладық. Рас, аталмыш тақырыптар қайта көтеріліп отыр дейтіндер де болар. Бұл мәселелер әлі де күн тәртібінен түспей отыр», - деді сөз басында Дариға Назарбаева.

Сонымен қатар, Ұйымдастыру комитетінің төрайымы форумның күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, форумның бірінші сессиясында  Жаңа әлемдік тәртіп талқыланады.

Бұдан басқа форум барысында мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық имиджін қалыптастыру жолдары, әлеуметтік желілердің  қоғамның өміріндегі ролі де тілге тиек етіледі.

Естеріңізге сала кеткейік, бүгін Астанада XII Еуразиялық Медиа Форум өтуде.  Форумның жұмысына дәстүрлі түрде танымал саясаткерлер, сарапшылар, дүниежүзінің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысуда.

 

 





Яндекс.Метрика