Халықаралық интеграция

ҚР-да отандық азық-түлікті қолдануды насихаттау керек – Б. Қасенов

Бүгін Қазақстанда отандық азық-түлікті қолдануды насихаттау керек, ҰКП агроөндірістік кешенінің жетекшісі Бауыржан Қасенов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан24 Сәуір , 12:20

«Кедендік одақ біз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуда, бірінші кезекте кәсіпкерлер үшін астық, бидай, ұн,ет өнімдерін  қолдануды насихаттау үшін қолайлы», - деді Б. Қасенов.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан үшін Оңтүстік Сібір мен Алыс шығыс нарығына жол ашылды.

«Үш елдің бірігіп жұмыс істеуі арқылы жаңа нарықтарды бағындырып, соның ішіне ішкі нарықтың да жағдайын жақсарта түспекпіз. Отандық өнімнің тұтыну көлемін барынша арттыра түсу үшін күш салу керек. Жаңа технологияларды енгізе отырып, өнімнің жаңа түрлерін көптеп шығару арқылы шаруалардың да жағдайының жақсаруына көңіл аударғанымыз жөн. Жалпы, біз Еуразиялық экономикалық одақ құру келісімін құптаймыз», - дейді ол.  

Б.Қасеновтың айтуынша, экономикалық прагматизм ұстамын жетекшілікке алу керек.

«Яғни, қазіргі таңда көріп отырғанымыз, базалық келісімнің мұндай жағдайы ескірді. Және де қамтуы бойынша экономикалық шарттарға сай келмейді. Мәселені жан-жақты пысықтай отырып қолға алған жағдайда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша келіспеушіліктер шешімін табады. Бұл шара бір жылық нәрсе емес. Алдағы уақытта жетіліріле түспек», - дейді Б.Қасенов. 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика