Халықаралық интеграция

АДБ ресурс үнемдеу технологияларын енгізу кезінде Қазақстанға жәрдемдеседі – ЭБЖМ

Қазақстан мен АДБ арасындағы 2012-2016 жылдарға арналған елдің әріптестік стратегиясында көрсетілгендей, қазіргіу уақытта Банк Қарағанды қаласының орталықтандырылған жылу желілерін оңалтуға қатысты дайындық жұмыстарына техникалық көмек көрсетуде.
Нұр-Сұлтан24 Сәуір , 11:00

Аталған жоба «Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын» орындауға септігін тигізеді, «2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасымен» үндеседі, сондай-ақ,  ҚР Үкіметінің энергия тұтынуды және отын ресурстарын тиімсіз пайдалануды төмендету мақсатына  жетуге мүмкіндік береді, деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде хабарлады.

Жобаның негізгі мақсаты - SCADA жүйесін енгізу, бақылау және есепке алу жүйесін жаңалау, транзиттік, жер асты, жер үсті желілерін қосқанда 127 шақырымдық құбырларды ауыстыру, 7 насостық станцияны жаңарту, сондай-ақ, қаржылық менеджмент, сатып алу, әлеуметтік қорғау, қаржыландыруға қол жеткізу сынды басқа да шаралар бойынша кәсібилікті арттыру болып табылады.

Сондықтан, АДБ-нің бұл жобаға қатысуы кездейсоқтық емес. Табиғи ресурстардың азаюы, қоршаған ортаның ластануы, энергия тиімділігінің  төмендігі тікелей сапаға әсер ететінін ескерсек, Банктің стратегиялық мақсаты - кедейлікті азайтып,  өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, АДБ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қалалық инфрақұрылымдар мен табиғи монополия саласына қатысты жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибе жинақтаған.

Осы бай тәжірибені Қазақстанның аталған салаға жеке инвестиция тарту үшін пайдалану мүмкіндігі зор.

Тағы бір атап өтерлігі, экологиялық таза технология, ресурс үнемдеу АДБ қызметінің басым бағыттарының бірі.  Осы жолда Банк көптеген елдерде түрлі жобаларды қаржыландырып қана қоймай, «жасыл экономика» технологиясы арқылы жарқын үлгі көрсетуде.

 2-5 мамырда Астанада  жоспарланып отырған АДБ Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісінде  «жасыл экономика» қағидаттары қолданылады.

 Бұл дегеніміз экологиялық таза өнімдер пайдалану, «жасыл шаралар» өткізу, түрлі ресурстарды пайдалануды азайту. 

 

 

 




Яндекс.Метрика