Өңірлер

Жаңа аймақтарды қалпына келтіру қажет – Алматы әкімі

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен қалаға қосылатын аумақтарды дамыту мәселесіне арналған жиын болып өтті.
Алматы қаласы24 Сәуір , 10:15

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлығы шыққан болатын. Нәтижесінде, қалаға жалпы аумағы 23 мың 200 гектар жер қосылады, бұларда 27 елді мекен орналасқан, тұрғындар саны 92 мыңнан астам адам.

Алматы әкімі бұл қала тарихындағы ең ірі қосылым екендігін атады, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

«Алдын-ала жасалған сараптама бұл жерлерді дұрыс ретке келтіру қажеттігін көрсетті. Бұл істе бізде жинақталған тәжірибе бар, мысалы Алатау ауданын құру барысында қыруар мәселелерді шештік. Бірақ, бұл іс одан күрделі. Біз әлеуметтік қамсыздандыруды теңестіріп, адамдарды жұмысқа орналастыруға тиіспіз. Бізге қосылатын елді мекендердегі нысандарға әлеуметтік, көліктік, инженерлік инфрақұрылымдық сапалы сараптама өте қажет», - деді Ахметжан Есімов.

Бұдан өзге, қысқа мерзім ішінде коммуналдық меншіктегі оьбектілерді анықтап, оларды бюджеттік қаржыландыру көлемін белгілеген жөн.

Осыған орай, Алматы әкімі бұл іске тікелей қатысы бар басқармаларға қала балансына өтетін нысандарға инвентаризация жүргізуді тапсырды. Қала басшысы жұмысқа орналастыру мен қалаға қосылған елді мекендерде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруды тапсырды.

 

 




Яндекс.Метрика