Ұлтаралық бірлік

ҚХА арқасында қазақстандықтар бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде – М.Гасанов

Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары, ҚР-дағы «Барбанг» күрдтер қауымастығының төрағасы Маликшах Гасанов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында ҚХА арқасында қазақстанықтардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанын айтты.
Нұр-Сұлтан 24 Сәуір, 10:00

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – алдағы жылда 20 жасқа толғалы отырған еліміздегі теңдессіз институт. Өздеріңізге де белгілі, Ассамблеяның басты ұйымдастырушысы ҚР Президенті болып табылады», - дейді М.Гасанов.

Оның айтуынша, аталмыш институт өзінің қызметі мен бағдарламалары арқылы барлық қазақстанықтарды бір араға топтастырады.

«Президенттің саясаты және Ассамблеяның атқарып отырған жұмыстарының арқасында біз қазіргі таңа Қазақстанда бірнеше ұлт пен дін өкілдері өзара тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз», - дейді М.Гасанов.

«Менің ойымша, Қазақстан халқы Ассамблеясы мәңігілік өміршеңдігін жоймақ емес. Әрине, ол үшін үлкен қажыр мен еңбек керек. Сол себепті «Жеміс ағашы жыл сайын бүршік атады, ал достық ағашы бір-ақ рет гүлдеп, мәңгілік тұрақты болады» деген бұрынғының даналығын мен біздің Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен салыстырамын», - дейді ол.  

Оның айтуынша, 1 мамыр – біздің елдің бірлігі мен татулық күні.

«Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде 1 мамырды халықтар бірлігі мерекесі етіп жарияладық. Ассамблеяның да осынау бастаманың шеңберінде құрылғаны белгілі. Менің ойымша, бұл мереке біздің халықтың бірлігі мен келісімінің мерекесі», - дейді М.Гасанов.





Яндекс.Метрика