Жиналысқа ірі ұйым, мекеме басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары мен аудандық ЖПК төрағалары қатысты.
Өз сөзінде Сапар Ахметов Мемлекет басшысы жолдауының барлық кезеңдеріне тоқталды және оның Астанада іске асырылуының негізгі жағдайларын қарастырды.
Әкім әрбір мемлекетте экономикалық өсімсіз әлеуметтік даму мүмкін емес деп атап өтті. Сондықтан, Жолдауға сәйкес, мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.
Сондай-ақ, құжатта салық төлеуден бас тартқандардың әрекеттерінің алдын кесу бойынша жұмыстарды күшейту қажеттілігі туралы айтылды. Осыған байланысты, әкім «Алматы» ауданының салық басқармасы мен прокуратурасына 2013 жылға арналған біріккен әрекеттер жоспарын құруды тапсырды.
Сапар Ахметов кездесу соңында бағдарламалық құжаттың бізден терең талдауды қажет ететінін атап өтті.