Өңірлер

Маңғыстау облысының 33 ауыл әкімі қызметтік автокөліктің кілтіне ие болды

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Түпқарағай ауданының Форт-Шевченко ауылының 33 әкіміне қызметтік автокөліктің кілтін табыстады.
Маңғыстау24 Сәуір , 09:45

Облыс  әкімдігі хабарлағандай, «Нива» мен «Киа» маркалы 33 автокөлік облыс бюджетінің қаражатына сатып алынған.  Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша автокөлікпен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін қамту үшін 60 млн теңге бөлінді.

«Өткен жылы аймақта ауыл әкімдерінің сайлауы өткен болатын, ауыл округтерінің әкімдіктері құрылды. Күнделікті қызметін атқару үшін әкімдерге 2013 жылы «Нива» автокөлігінің 15 кілті табысталды. Ағымдағы жылы басталған істі аяғына дейін жеткізу үшін қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда әкімдіктер мен әкімдер 100 пайызға көлікпен қамтылды», - деді А. Айдарбаев.

Айта кетейік, 2013 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жергілікті басқару туралы заңнамаларға бірқатар өзгерістер енгізу» туралы заңға қол қойған болатын. Ол жергілікті жердлерді қаржыландырудың  қаржылық және экономикалық өзін өзі қамтуын ұлғайтуға бағытталған. 




Яндекс.Метрика