Халықаралық интеграция

Алматыда 14-інші KITF 2014 Қазақстандық халықаралық туристік көрме өтуде

Алматыда «Туризм мен саяхат» KITF 2014 14-інші Қазақстандық халықаралық туристік көрмесінің ашылуы өтті.
Алматы қаласы24 Сәуір , 09:30

Көрменің ашылуына ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев қатысты. Өз сөзінде вице-министр Алматыдағы KITF халықаралық туристік көрмесі нарықтың алдыңғы қатарлы сарапшыларымен халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін Орта Азия өңірінің диалогтық басты туристік алаңы болып табылатынын айтты.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, 2014 жылы көрме жұмысына әлемнің 41 елінен 550 компания қатыспақ.

KITF 2014 көрмесі аясында Қазақстандағы туристік саланы дамыту мәселе бойынша республикалық семинар-кеңес өтеді. Шарада әлеуметтік туризмді дамыту, әкімшілік кедергілерді жоюда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлі, сыртқы туризм мен ішкі туризмнің даму болашағы, сонымен қатар ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері қаралады. 




Яндекс.Метрика