Евразиялық одақ

Еуразиялық одақтың құрылуы ЖІӨ өсімін 25%-ға дейін арттырады

Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпуспен кездесуі барысында Мемлекет басшысы 2030 жылға дейін Еуразиялық одақтың құрылуы қатысушы үш мемлекеттің ЖІӨ көлемін 25%-ға арттыратынын айтты.
Нұр-Сұлтан23 Сәуір , 18:05

«Біздің бағалауымыз бойынша, 2030 жылға дейін аталмыш интеграция үш елдің ЖІӨ көлемін 25 пайызға және тағы 600 млрд долларға өсіреді», - дейді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, болашақ Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттер әлеммен байланысын үзіп қалмай, шет елдермен қатынасын дамыта бермек.

«Осы тұрғыда біз Ресей Президентін және болашақта Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуроодақ арасындағы еркін сауда аумағын құруды қолдаймыз», - дейді Елбасы.

Президенттің айтуынша, ДСҰ-на ене отырып Қазақстан өзге емес ең алдымен өзіміздің дәстүрлі тауарымыз бен экономикамызға баса назар аударуы керек.

Мемлекет басшысы 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеяның ұсынылғанына 20 жыл толатынын еске салды. 

 

 

 




Яндекс.Метрика