Халықаралық интеграция

Медиа форум аясындағы диалог ынтымақтастықты нығайтады – Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың XII Еуразиялық Медиа Форум қатысушыларын шараның ашылуымен құттықтады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан24 Сәуір , 09:30

« XII Еуразиялық Медиа Форумның қатысушылары мен қонақтарына шын жүректен ыстық ықыласымды білдіремін. Бүгінгі конференцияның ашылуына байланысты менің шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!Осы жылдар ішінде Форум халықаралық тұрғыдан кеңінен танылды, жедел өзгеріп жатқан әлемнің ең өзекті проблемаларын талқылап, оларды шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеудің мойындалған алаңына  айналды.Оның жұмысына 12 жылда әлемнің 60 елінен 5 мыңнан астам сарапшы, саясаткер, журналист және қоғам қайраткерлері қатысты, форум жұмысын 500-ден астам қазақстандық және шетелдік БАҚ жариялап-көрсетеді», - деді Президент.

Сондай-ақ, ол биыл менің Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі идеяны ұсынғаныма 20 жыл толғандығын атап өтті..

«Медиа-форум Еуразия халықтарының жақындасуы мен жан-жақты ынтымақтасуының белсенді бастамашысы ретінде танылған  Астанада өтуінің ерекше символдық мәні бар. Біздерді терең тарихи және ұлттық-мәдени байланыстар мен ауқымды іскерлік қарым-қатынастар біріктіреді.Еуразиялық интеграция үдерісі бүгінде дамудың мүлде жаңа кезеңіне шықты. Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы тарихи шартқа 2014 жылы мамырда дәл осы жерде, Астанада қол қою жоспарлануда», - деді Елбасы.

Елбасы оған қоса, Еуразиялық Медиа Форумның елдер мен құрлықтар арасындағы сенім ахуалын қалыптастырудағы, ұлтаралық татулық пен келісімді сақтаудағы айрықша рөлі мен миссиясын атады.

«Бүгінгі форум күрделі халықаралық-саяси жағдай тұсында өтіп отыр.Соңғы айлардағы көптеген оқиғалар этносаралық татулықты сақтаудың маңыздылығын тағы да көрсетіп берді.Бұл үдеріске Қазақстан өзінің бейбітшілік пен бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі оң тәжірибелеріне сүйене отырып, лайықты үлесін қосып келеді.Біздің елімізде 100-ден астам ұлт өмір сүруде.  Елдегі мызғымас құндылықтар және мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары болып саналатын татулық пен тұрақтылықтың арқасында біз «Қазақстан – 2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын орындадық», - деді ол.

Мемлекет басшысы «елде бүгінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы қызу жүзеге асырылуда. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, татулық, бірлік тұрақтылық оның негізгі басымдықтары болып саналатындығын» атап өтті.

«Келесі 2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясының жылы болып жарияланды, Астанада Қазақстан халқының форумы өтетін болды.Сондай-ақ, 2015 жылы біздің еліміздің астанасында Әлемдік  және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезі өтеді.Медиа форум аясындағы сындарлы сұхбаттар өзара түсіністік пен сенімді одан әрі нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін.Сіздердің жұмыстарыңызға жеміс және баршаңызға табыс тілеймін!», - деді Елбасы.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика