Халықаралық интеграция

ҚР Премьер-Министрі Марокко Парламенті Кеңесшілері палатасының басшысымен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Марокко Королдігі Парламенті Кеңесшілері палатасының төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилламен кездесті.
Нұр-Сұлтан24 Сәуір , 09:00

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ секторы, ауыл шаруашылығы, экономиканың өзге де салаларындағы екі жақты өзара іс-қимылдың қазіргі жайы мен болашағы талқыланды. 

Тараптар Қазақстан-Марокко іскерлік өзара қарым-қатынасты жандандырып, екі жақты байланысты одан әрі тереңдете түсу қажеттігіне тоқталды.

 




Яндекс.Метрика