Білім беру

Сапалы білім берудің негізі - ұстаз - Күләш Шамшидинова

Сапалы білім берудің негізі – ұстаз, деп бүгін ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты сұрақтарын (12 жылдық білім беру) талқылау барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова мәлім етті.
Нұр-Сұлтан23 Сәуір , 18:30

«Жасыратыны жоқ оқушыларға сапалы білім берудің негізі -ұстаз. Демек 12 жылдық білім беру стандартын енгізетін де жүзеге асыратын да ұстаздар. Осыған орай біз 2011 жылы Елбасының және Үкіметтің тапсырмасымен педагогтардың білімін жетілдіру бойынша 3 деңгейлі модульды дайындап жайлап енгізе бастадық. Турасын айтатын болсақ, 2012 жылдың 4 сәуірінен бастап 3 айлық ұстаздардың біліктілігін арттыру курстары өткізіле бастады. Бүгінде 22 мыңнан астам педагогтың біліктілігі жетілдірілді. Деңгей-деңгей бойынша айтатын болсақ, 1 деңгей бойынша 3093 ұстаз, 2 деңгей бойынша 2495 маман, 3 деңгей 17185 бойынша педагог біліктілігін арттырды» - деді сөз басында Күләш Шамшидинова.

Маманның мәліметі бойынша, біліктігін арттыру курстарымен еліміздегі мұғалімдердің 48% қамту жоспарланған. Ал, қалған мамандарды жергілікті білім басқармалары арнайы оқу курстарынан өткен мамандар арқылы арттыратын болады.

«Айта кетерлік жайт, біліктілігін арттырған мұғалімдерді мектеп директоры түсінбей, өзара тіл табыса алмады. Сондықтан біз жедел түрде мектеп директорлары мен оқу ісінің меңгерушілерінің білімін жетілдіру курстарын ұйымдастырды. Бүгінде 250 мектеп директоры өз білімін арттыруда. Жаплы олардың 5 мыңнан астамын арнайы курстарға тартсақ деп едік», - деп сала маманы өз ойын толықтырды.

Негізі білім деңгейін жетілдірген оқытушыларға жалақысына 3 деңгей бойынша 30%, 2 деңгей бойынша 70%, 1 деңгей бойынша 100% қосылады. Тіпті, білім министрлігінің мамандары да оқытылуда. Нақтырақ айтатын болсақ, жоспар бойынша 270 маманның біліктілігін арттыру көзделген, бүгінде оның 90 арнайы курстардан өтті.

«Осы ретте олқылық мәселе туралы айтпай кетуге болмайды. Шын мәнінде айтатын болсақ жаңа стандартқа бүгінгі оқылықтар сай емес. Яғни олар толығымен өзгертілуі керек. Алайда баспаханалар жаңа стандартпен келіспей отыр. Себебі, оларда жаңадан бағдарламаны жасақтайтын мамандар жоқтын қасы. Дегенмен, біз жан-жақтан білікті, сауатты мамандарды тардтудамыз. Тіпті, бір шама жұмыстар атқарылып қойды десекте болады. Қазіргі таңда бастауыш сыныптары бойынша оқу құралдарының бағдарламасын жасақтау жұмыстары соңына таяп қалды», - деді педагог.




Яндекс.Метрика