Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 3 мыңнан астам үлескердің мәселелері шешілген - СҚЖҚ

Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 3 мыңнан астам нысан үлескерінің мәселелері шешілген, олардың жалпы ауданы 1 млн шаршы метрден асады, деп хабарлады «Самұрык-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Болат Палымбетов.
Казахстан23 Сәуір , 00:00
«Қордың қатысуымен жылдың соңына дейін аяқталған ауданы 1 млн шаршы метр болатын тұрғын үй нысандарының құрылысы, ол 7 мыңнан астам пәтерді құрайды, 3 мыңнан астам үлескердің мәселелері шешілген», - деді Б.Палымбетов.
 
Жалпы алғанда, іске асырудың басынан бастап, пайдалануға 17 нысан берілген, олардың 5-еуі 2012 жылы, осылайша Дағдарысқа қарсы аталған бағдарламаны жүзеге асыру аяқталған, ағымдағы жылы соңғы нысан аяқталады.
Сонымен бірге, қор тұрғын үй құрылысының іске асырылатын жобаларында жергілікті қамтуды арттыру бойынша шаралар қолданылуда. Осылайша, өткен жылдың қортындысы бойынша «Салушылардың қазақстандық қамтуы» шамамен 74%-ды құрады. 

Жобаларды жүзеге асыру шеңберінде жылжымайтын мүлік қоры 180-нен астам құрылыс және мердігерлік ұйымдармен, сонымен қатар 300 құрылыс материалдарын, жабдықтарды өндірушілермен және олардың делдалдарымен серіктестік ұйымдастырылған. 
 
Осылайша, ағымдағы жылы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде тұрғын үй ғимараттарын сатуды Жылжымайтын мүлік қоры сату және сатып алумен бірге жалға беру арқылы жүзеге асырады. Алматыда «Асыл арман» және Ақтөбеде «Юнис сити» тұрғын үй нысандарының құрылысына инвестициялау келісім-шарттары жасасқан.  
 
Бұдан өзге, бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына ыңғайлы болу үшін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға онлайн режимде өтінім беруге мүмкіндік береді.



Яндекс.Метрика